Президент сазгер Алтынбек Қоразбаевқа «Отан» орденін табыстады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында мәдениет, білім және спорт салаларында еңбек сіңірген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент белгілі сазгер, ұстаз Алтынбек Қоразбаевтың қазақ өнеріне қосқан үлесін атап өтті.
"Осы мерекелік жиынға төл мәдениетіміздің көрнекті өкілі, белгілі сазгер, ұстаз Алтынбек Қоразбаев қатысып отыр. Оның әндері бірнеше буынның жүрегіне жол тауып, қазақ өнерінің алтын қорына қосылды. Мен бүгін Алтынбек Қоразбаевқа ең жоғары марапат – "Отан" орденін табыстаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы даңқты альпинист Қазбек Уәлиевтің жетістіктеріне де тоқталды.
"Қазір арамызда даңқты альпинист Қазбек Уәлиев отыр. Ол дүние жүзінің ең биік шыңдарын бағындырып, әлемдік альпинизмнің аңызына айналды. Мен Қазбек Шәкімұлының ерен еңбегін ескере отырып, оны ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттауды ұйғардым", – деді президент.
Сондай-ақ Тоқаев ерекше балаларды оқытуға озық тәсілдер енгізіп жүрген педагог Наталья Сафиулинаның еңбегін жоғары бағалады.
"Наталья Викторовна Сафиулина жоғары педагогикалық шеберлігімен, кәсібилігімен және сүйікті ісіне адалдығымен көрінді. Жаңашыл ұстаз ерекше балаларды оқытуда озық тәсілдер енгізіп отыр. Мемлекет шын мәнінде инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлес қосып жүрген осындай педагогтерді әрдайым қолдайды. Білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Наталья Викторовна Сафиулинаға "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағы беріледі", – деді мемлекет басшысы.
Президент өнер қайраткерлерімен бірге мәдени мұраны зерттеп, сақтауға атсалысып жүрген ғалымдардың еңбегі де құрметке лайық екенін айтты.
"Сондай-ақ руханиятымыздың өрісін кеңейтуге зор үлес қосып жүрген өнерпаз, танымал опера әншісі Талғат Маратұлы Мұсабаевқа "Қазақстанның халық әртісі" атағы беріледі. Өнер қайраткерлерімен қатар, мәдениет саласын зерттеген ғалымдардың да еңбегі зор құрметке лайық. Осы орайда, музей ісін дамытуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға белсене атсалысып жүрген белгілі өлкетанушы Бауыржан Өзбекәліұлы Жәнібековке "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы беріледі. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз, өнертанушы ғалым Эльмира Сәкенқызы Сұлтанғалиеваға "Құрмет" ордені табысталады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:33, 23 қазан 2026
Шанхайда ерекше сәулетті опера театры ашылды
-
14:24, 23 қазан 2026
Алматы әуежайында төбеден жолаушылардың үстіне сұйықтық тамшылаған
-
14:13, 23 қазан 2026
Оралда жүк көлігі қағып, ауыр жарақат алған балаға 10 млн теңге өтемақы тағайындалды
-
14:05, 23 қазан 2026
Ақмола облысында заңсыз алтын іздеушілерді ұстау кезінде полиция аспанға оқ атты
-
13:53, 23 қазан 2026
Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады





