Мұғалім күректің сабымен оқушының ішінен ұрған

16:21, 14 қазан 2019

Ақмола облысының Жарқайың аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен, яғни "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша орта мектеп мұғалімінің үстінен қозғалған іс қылмыстық құрамның жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Жарқайың аудандық сотына сілтеме жасап.

Толтырылған хаттамадан белгілі болғандай, технология пәнінің мұғалімі сабақ кезінде оқушымен сөзге келіп, оның ішінен күректің сабымен қасақана ұрып, жерге құлатқан. Ол жерге құлағанда басын жарақаттаған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның денсаулығына жеңіл жарақат келген.

- Сот құқық бұзушының жәбірленушіге жеңіл дене жарақатын келтіру бойынша кінәсі дәлелденбеді деп тапты. Бұл іс бойынша сот Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімінің басшысына келешекте мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы жеке қаулы шығарды, деп хабарлады сот.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!