Мүфтият квадроберлерге қатысты пікір білдірді
© Сурет: wikimedia
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат бойынша жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға қатаң тыйым салынатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құран аяттарын негізге ала отырып, бұл Құдайдың жаратылысын өзгертуге ұмтылу деп бағалады ҚМДБ Ғұламалар кеңесі.
Квадробер – бұл жануардың сыртқы түрін (бейнесін) көрсететін бетперделерді, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, жануардың іс-қимылдары мен әдеттеріне еліктеп, солар сияқты өмір кешетіндер.
Алла Тағала адам баласына ақыл мен сана беріп, ардақтап, басқа жаратылыстан ерекшелеп, ең көркем бейнеде жаратты. Алла Тағала Құранда:
"Біз Адам балаларын ардақты етіп, құрлықта да, теңізде де (емін-еркін) жүргіздік. Һәм таза (адал) азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқан нәрселеріміздің көбінен әлдеқайда үстем еттік" – деген. Келесі аятта:
"Шын мәнінде, біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық", – деген.
Демек, бұл аяттардан түсінетініміз, адам баласының жануарға еліктеп, сол дәрежеге түсуі, төрт аяқтап жүруі, өзін ардақтау емес, қорлау болып саналады. Тіпті адам баласының жануарға еліктеуі түгілі әйел кісінің ер адамға, ер кісінің әйелге еліктеуінің өзі шариғатымызда тыйым салынған[4].
Сондықтан жануарларға тән сипаттарға (ит сияқты үру, есек сияқты ақыру т.с.с.) әдейі еліктеу, төрт аяқтап жүріп, олардың тамағын жеу, іс-қимылдарын істеу Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып табылады.
Ал батырды арыстанға, айлакерді түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу, сол секілді театрлық қойылымдар, балаларға арналған ойындар т.б "квадробердің", яғни адамның жануарға еліктеуіне жатпайды.
Шешім: Квадроберге, яғни жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға шариғат бойынша қатаң тыйым салынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:44, 16 қаңтар 2025
Көкшетауда екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді
-
16:36, 16 қаңтар 2025
Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: куәгер оқиғаның қалай болғандығын айтып берді
-
16:32, 16 қаңтар 2025
16 қаңтардағы сауда кезінде доллар бағамы қалай өзгерді
-
16:23, 16 қаңтар 2025
Үш адамның өлімі: жол апатына кінәлі ретінде танылған айыпталушы ақталды
-
16:17, 16 қаңтар 2025
Қызылорда қаласында «Жайлы мектеп» ашылды