Көкшетауда екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді
© Сурет: ҚР ІІМ
Ақмола облысында полицейлер шамамен 15 миллион теңгенің шегілмейтін темекі өнімдерін тәркіледі.
Көкшетау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерінің, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты деректі анықтады.
Есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің екі студентін ұстады. Олардың бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылды.
Полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарларды жоюға тырысқан студенттің әрекетінің алдын алды.
Ұсталған 20 жастағы жас жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 миллион теңге пайда табуды көздегенін мойындады.
Қазіргі уақытта екі факті бойынша ҚР ҚК 301-1-бабы (Шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Полиция бұл өнімдерді сату мен тарату әрекеттері 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкелетінін ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:49, 16 қаңтар 2025
Алматыда интернет-алаяқтық дерегі азайды
-
20:36, 16 қаңтар 2025
Дохада өтетін семсерлесуден Гран-при сериясына қатысатын Қазақстан құрамы анықталды
-
20:06, 16 қаңтар 2025
Семейде полиция Плюшкин синдромымен ауыратын ұрыны ұстады
-
19:50, 16 қаңтар 2025
Алматыдан 109 шақырым жерде жер сілкінді
-
19:43, 16 қаңтар 2025
Қолындағы телефонын ұрып, емханадан шығарып жіберген: Қонаевта тіс дәрігеріне айыппұл салынды