Үш адамның өлімі: жол апатына кінәлі ретінде танылған айыпталушы ақталды

16:23, 16 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz/Алекса Новикова

БҚО-дағы Самара-Шымкент тас жолында 2024 жылғы 24 маусымда жантүршігерлік жол апаты болып, егде жастағы ерлі-зайыпты мен олардың немересі көз жұмған болатын. Бүгін, 2025 жылғы 16 қаңтарда аталмыш іс сотта қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлі-зайыпты Меңдіғалиевтар мен олардың 9 жасар немересі мінген жол талғамайтын көлік Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Prado көлігі қызыл жалынға оранған. Көлік ішіндегі адамдардың барлығы түгелдей өртеніп кеткен. Күйіктің жоғары деңгейінен тергеушілер тіпті өлімнің нақты себебін анықтай алмаған.

Айыпталушы орындығында — Жамбыл облысының 53 жастағы тұрғыны Двумар Люшанло отырды. Сонымен қатар, бұл тізімде қаза тапқан Әлібек Меңдіғалиев та бар. Бастапқыда тергеу екі жүргізуші де жол ережесін бұзды деп мәлімдеді. Алайда, жүргізілген бірнеше сараптама нәтижесі Мендіғалиевтің қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткенін көрсетті.

Осылайша, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен Двумар Люшанло қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. Сондай-ақ, Судья Асылбек Иманғалиев 15 миллион теңгеге жәбірленушілердің азаматтық талабын да қабылдамады. Люшанло сот залында қамаудан босатылды.

Екінші айыпталушы Әлібек Меңдіғалиев ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша кінәлі деп танылды. Алайда сотталған Мендіғалиевтің қайтыс болуына байланысты жауапкершіліктен босатылды. Мұндай сот шешімі жәбірленушілердің наразылығын тудырды. Олар үкіммен келіспейтіндерін және облыстық сотқа шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

"Мен үкімді әділетсіз деп санаймын. Менің әкем ешқашан жол ережесін бұзбаған, әрдайым рульде қырағы болған, шаршап тұрса жолға шықпаған адам. Сонымен қатар, Люшанлоның қарсы жолаққа шығып кеткенін растайтын екі куәгер бар. Меніңше, бәріне кінәні марқұмға іліп қою оңтайлы шешім болды", — деді марқұмның ұлы Ақылбек Меңдіғалиев.

Двумара Люшанло сот залында қамаудан босатылды, бірақ үкім заңды күшіне енгенге дейін қаладан кетуіне тыйым салынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!