Елордалық әйел әкімдікте танысы барын айтып, 57 млн теңгеге 28 адамды сан соқтырған
© Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 15 қаңтарда Астана қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы өзгелердің 57 млн теңгесін алдау жолымен иеленген әйел адамға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қайта қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотталушы бұған дейін 2024 жылғы 14 қарашада ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
"Сот С-ның 2019 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың наурызына дейін Қарағанды қаласының әкімдігінде жұмыс істейтін таныстары арқылы Отбасы банкінен басана алуға жәрдемдесу мүмкіндігі бар екенін айтып, 28 жәбірленушіні алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет жаңылыстырып, жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденгенін анықтады. Келтірілген залал жәбірленушілерге өтелмеген. Сотталған сот актісіне шағымданып, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны орындауды кейінге қалдыруды сұрады", делінген сот хабарламасында.
Алайда апелляциялық сатының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, өйткені сотталғанның кінәсі С-ның мойындау айғақтарымен, оның ақша қаражатын алғаны туралы қолхаттармен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен және түбіртектермен дәлелденді.
Сондай-ақ, бірінші сатыдағы сот жаза тағайындау барысында жеңілдететін мән-жайларды, оның ішінде жас балалардың болуын ескерген.
Үкім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 18 наурыз 2026
Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды
-
22:11, 18 наурыз 2026
Ұлттық киім күніне арналған мерекелік шеруге 5 мыңға жуық атыраулық қатысты
-
21:56, 18 наурыз 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионаты алдында шешуші дайындық кезеңін өткізіп жатыр
-
21:22, 18 наурыз 2026
Абай облысында инвестициялық бағдарлама арқылы жоғары табыс табуға уәде берген алаяқ ұсталды
-
20:40, 18 наурыз 2026
19 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды





