Мопедтерді тіркеу мерзімі ұзартылуы мүмкін бе - ІІМ вице-министрі жауап берді

16:55, 2 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2025 жылғы 2 сәуірде Мәжіліс мінберінде Қазақстандағы мопедтерді тіркеу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Журналистер тіркеу уақытының ұзартылу мүмкіндігі жайлы сұрады.

"Депутаттар адамдар жүргізуші куәлігін алып, тіркеле алатындай ұзақ мерзім берді. Уақыт жеткілікті болды. Соңғы күндері біз күн сайын "жүргізуші куәлігін алып, есепке қою керек" екенін ескерттік",- деді Игорь Лепеха жауап ретінде.

Ол 5 сәуірде, егер азамат мопедті мемлекеттік нөмірсіз және жүргізуші куәлігінсіз басқарса, онда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, ал мопед мемлекеттік тіркеу нөмірін алғанға дейін айыппұл тұрағына қойылатынын еске салды.

"Сондықтан бәріне өтініш, мопедтерді дер кезінде есепке қойып үлгеріңіздер",- деп түйіндеді вице-министр.

Алматыда қай ХҚКО-да мопедке куәлік алуға болатындығы жайлы мына жерден біле аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!