Молдовада электр энергиясы мен суды тұтынуға шектеу енгізіледі
© Фото: pexels
Молдова билігі елде энергетикалық дағдарыстың алдын алу және Днестр өзеніндегі су деңгейінің төмендеуінен туындайтын қауіптерді азайту мақсатында жаңа шектеу шараларын бекітті. Тиісті шешімдерді премьер-министр Василе Тофанның төрағалығымен өткен Дағдарыстық жағдайларды басқару жөніндегі ұ
Министрлер кабинеті сайтындағы мәліметке сәйкес, тиісті шешімдерді премьер-министр Василе Тофанның төрағалығымен өткен Дағдарыстық жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық комиссия қабылдады. Оған сүйенсек, елде электр энергиясын тұтынуды қысқартуға бағытталған бірқатар шаралар енгізіледі.
Атап айтқанда, кешкі ең жоғары жүктеме уақыты – сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін электр энергиясын экспортқа коммерциялық жеткізуге шектеу қойылады.
Сонымен қатар:
- қоғамдық ғимараттар мен сауда нысандарының иелеріне ішкі жарықтандыруды кемінде 30 пайызға қысқарту ұсынылды;
- түнгі уақытта сәндік және жарнамалық жарықтандыруды толық өшіру қажет болады;
- электр энергиясын көп тұтынатын кәсіпорындарға энергияны көп қажет ететін өндірістік үдерістерді түнгі уақытқа ауыстыру ұсынылды.
Бұдан бөлек, билік жаңартылатын энергия көздері нысандары мен энергия жинақтау жүйелерін электр желісіне қосуды жеделдетеді. Сондай-ақ мемлекеттік Energocom компаниясы Румыниядан, Украинадан және басқа да қолжетімді нарықтардан қосымша электр энергиясын жеткізушілерді іздестірумен айналысады.
Ал Днестр өзеніндегі су деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты ауыз суды және жерүсті су көздерін басым емес мақсаттарға пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді. Атап айтқанда көшелерді жууға, бассейндерді сумен толтыруға, басқа да шұғыл емес қажеттіліктерге су пайдалануға шектеу қойылады.
Ал ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін Днестр өзенінен су алуға тек түнгі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ғана рұқсат етіледі. Егер өзендегі су деңгейі одан әрі төмендей берсе, билік су алуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар баламалы су көздерін әзірлеп жатыр. Қажет болған жағдайда тұрғындарға арнайы су таситын автоцистерналар арқылы ауыз су жеткізу ұйымдастырылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:55, 4 тамыз 2026
Шығыс Қазақстанда бұрынғы күйеуі алты баланың анасының құлағын кесіп тастады
-
10:45, 4 тамыз 2026
Қазақстанға шикізаттық емес тауарлар импорты артты
-
10:36, 4 тамыз 2026
Он жылдан астам уақыт бой тасалаған: 31 млн теңгенің титан құймасын ұрлағандардың соңғысы қолға түсті
-
10:16, 4 тамыз 2026
Қазақстандықтарға медициналық қызметтердің көпшілігі онлайн қолжетімді болмақ
-
10:04, 4 тамыз 2026
Қазақстанның екі ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады





