Мирас Мұқаш Aqtóbe телеарнасының директоры болып тағайындалды
Белгілі журналист, жазушы Мирас Мұқаш "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы "Aqtóbe" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрайымының орынбасары-Қоғам басқармасының мүшесі Ержанар Әшейхан мен Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мирас Құлтөлеуұлы Мұқашев 1985 жылы дүниеге келген. Оразаев атындағы Халықаралық журналистика инсититуты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің теле-радио журналистика кафедрасында оқып, бітірген. Ұзақ жылдар жетекші телеарналарда еңбек етті. Атап айтқанда, еңбек жолын "Хабар" агенттігінің Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілші-редакторлығынан бастаған. Кейін агенттіктің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, "Қазақстан" РТРК" АҚ Алматы бюросының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, республикалық "7 Арна", "Нысана" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің Алматы қаласындағы тілші-редакторы, "Қазақстан" РТРК" АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ бас сарапшысы. "Хабар" Агенттігі Бас пиар менеджері, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Үйленген. Екі ұлы, бір қызы бар. Қазақстан Журналистер одағының, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. "Ақ шағала" прозалық кітабының авторы. "Шабыт" халықаралық фестивалінің дипломанты, Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, "Қазақстанның үздік журналисі" марапатын алған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:49, 26 сәуір 2024
Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті
-
19:30, 26 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты