Миллионмен декретке: БЖТ төлеп, қомақты ақша алуға бола ма?

10:08, 5 ақпан 2021
729

Әлеуметтік желідегі түрлі марафондар мен онлайн сабақтардан сақ болыңыз! "Миллионмен декретке" деп аталатын сабақтардан бөлек, қазір кей блогерлер заңды айналып өтудің түрлі жолдарын ұсынуда. Сонымен еш жерде тіркелмей, жұмыс істемей, ЕСП төлеп, декретке шығу мүмкін бе?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бүгінде инстаграмда онлайн сабақтың сан түрін көресіз. Блогер, коуч, тренерлер "декретке миллионмен", "баюдың түрлі жолдары" сынды кеңестерін жарыса ұсынуда. Ал кей пысықайлар керісінше, заңды айналып өтіп, қыз-келіншектерге декретке шығудың басқа бағытын үйретуде. Солардың бірі, жұмыс істемей, табыс таппай БЖТ төлеу арқылы декретке шығу.

Мәселені егжей-тегжейлі зерттемек болып, есепке жүйрік мамандардың пікірін білдік. Гүлнұр Нұрланқызы, мұндай алаяқтарды жоққа шығармайды. Бірақ БЖТ төлеп оңай олжаға ие боламын деген қате пікір, дейді.

Гүлнұр Нұрланқызы, бухгалтер:

БЖТ төлеп, тек декрет үшін істеу ол дұрыс емес. Ол заңсыз болады. Бірақ бізді қол құсырып, үйде бос отырған әйелдер өте кем. Міндетті түрде бірдеме істеп жатады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да ЕСП-ны тек бейресми табыс тауып жүрген қыз-келіншектер үшін тиімді дейді. Ал үйде бос отырып, ешқандай іспен айналыспаған жандар үшін бірыңғай жиынтықты төлеудің мүлдем қажеті жоқ екен.

Гүлбағила Болатбекова, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" әлеуметпен байланыс департаментінің директоры:

Төлемге тағайындау кезінде біз міндетті түрде әрбір азаматтың байланысты, 19 тармағында жазылғандай бәрін тексереміз! Қай жерден қандай табыс тапты. Кейде дұрыс төлемейді. Қайта қайтарып, тағайындаймыз! Жалған ақпарат бергендар жауапқа тартылуы ықтимал. Заң жүзінде басқа заңдармен қарастылыған. Жалған ақпарат берген болса, әкімішлік кодекс бар. Жалған ақпарат бойынша қарастырылады.

Сондықтан үйде отырып ешқандай іспен айналыспаған қыз-келіншектер ЕСП төлеп, әлек болмаса болады. Одан қалды «декретте миллион теңгемен шығарамын» деп уәдені үйіп-төккен алаяқтардан сақ болғаны жөн, дейді сарапшылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір