Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара режимі туралы келісімді ратификациялады
© Фото: parlam.kz
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 28 мамырда Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекара режимі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Құжатта мемлекеттік шекараны кесіп өту, шекара маңындағы аймақта қызмет жүргізу тәртібі айқындалған.
Келісімнің мақсаты – Қазақстан–Өзбекстан мемлекеттік шекарасында қолданылатын ережелерді белгілеу арқылы шекаралық режимді реттеу.
Ол мынадай тәртіптерді қамтиды:
- Қазақстан–Өзбекстан мемлекеттік шекарасын күтіп-ұстау;
- адамдардың, көлік құралдарының шекарадан өтуі, сондай-ақ жүк пен өзге де мүліктің тасымалдануы;
- мемлекеттік шекара мен шекаралық белдеу үстіндегі әуе ұшулары;
- шекара аймағында, шекаралық белдеуде және шекаралық сулар аумағында шаруашылық, кәсіпшілік және өзге де қызмет түрлерін жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
- шекаралық оқиғалар мен даулы жағдайларды шешу.
Сондай-ақ аталған мемлекеттік шекара учаскесіндегі режим екі елдің бірлескен іс-қимылы арқылы қамтамасыз етіледі және келісіммен, ұлттық заңнамамен, сондай-ақ тараптар қатысатын халықаралық шарттармен реттеледі.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы 28 мамырда Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтанаты үкіметтері арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді де ратификациялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:43, 28 мамыр 2026
28 мамырдағы сауда-саттықта доллар мен рубль бағамы күрт өсті
-
15:18, 28 мамыр 2026
Депутат жекеменшік ұйымдардағы жалақыны көтеруді ұсынды
-
15:07, 28 мамыр 2026
Алматыда аңызға айналған Роза Бағлановаға арналған мурал салынды
-
14:56, 28 мамыр 2026
Шығыс Қазақстанда ер адамға қызына қатысты ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды
-
14:45, 28 мамыр 2026
Балқаш көлінде уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды





