Балқаш көлінде уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында полиция қызметкерлері балық инспекциясы өкілдерімен бірлесіп, Балқаш көлінде заңсыз балық аулау фактісін анықтады.
Рейдтік іс-шара барысында көл аумақтарының бірінде тыйым салынған ау құралдарын пайдаланып, уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған 48 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған азамат пластикалық қайықпен суға шығып, ау мен темір істіктің көмегімен балық аулаған.
Заңсыз әрекет салдарынан сазан, көксерке, мөңке және жыланбас секілді әртүрлі балық түрлерінен шамамен 30 келі ауланған. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеге жуықтады.
Полиция қызметкерлері мен балық инспекциясы өкілдерінің жедел әрекетінің арқасында Балқаш көлінің су экожүйесіне келтірілуі мүмкін қосымша залалдың алдын алу мүмкін болды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары уылдырық шашу кезеңінде өңір аумағында балық аулауға қатысты шектеулер қолданыста екенін еске салады.
Бұл шаралар биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғи ресурстарды қалпына келтіруге бағытталған. Полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:43, 28 мамыр 2026
28 мамырдағы сауда-саттықта доллар мен рубль бағамы күрт өсті
-
15:32, 28 мамыр 2026
Қарағандыда қоқыс тиелген жүк көліктері ұсталып, заң бұзушылар жауапкершілікке тартылды
-
15:18, 28 мамыр 2026
Депутат жекеменшік ұйымдардағы жалақыны көтеруді ұсынды
-
15:07, 28 мамыр 2026
Алматыда аңызға айналған Роза Бағлановаға арналған мурал салынды
-
14:56, 28 мамыр 2026
Шығыс Қазақстанда ер адамға қызына қатысты ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды





