Мәжіліс ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады
© Фото: senate.parlam.kz
2026 жылғы 4 ақпанда Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен оған мүше мемлекеттер және Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Келісімге берілген қорытындыда оның негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы сауда байланыстарын дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарлардың Моңғолия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасау екені көрсетілген.
Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Жанель Құшақова Қазақстан мен Моңғолия арасындағы кедендік баждардың 90%-ы жойылатынын мәлімдеді. Бұл ретте сезімтал тауарлар тізбесі сақталады. Сонымен қатар келісім ішкі нарықты қорғау тетіктерін қамтиды, оның ішінде техникалық, санитарлық және шектеу шаралары қарастырылған.
Талқылау барысында депутаттар үшінші елдерден келетін тауарлардың моңғол өнімдері ретінде Қазақстан нарығына өту қаупі бар-жоғына қызығушылық танытты.
"Еркін сауда аймағындағы әрбір келісімге тауардың шығу тегін анықтау қағидалары қоса беріледі. Кедендік баждарды өзара алып тастау туралы келіссөздермен қатар, қай тауарлардың нақты сол елде өндірілген деп танылатыны нақты айқындалады. Бұл талаптар өте қатаң. Әрбір тауар партиясы міндетті түрде шығу елін растайтын сертификатпен бірге жүруі тиіс. Сондай-ақ бұл сертификаттарды тексеру жүйесі қарастырылған. Егер кеден органдарында құжаттың дұрыстығына күмән туындаса, импорттық баждар дереу қайта енгізіледі. Тек уәкілетті органдар арқылы тауардың шынымен, мысалы, Моңғолияда өндірілгені расталғаннан кейін ғана төленген баждар қайтарылады". Жанель Құшақова
Сонымен бірге спикер келісімде ішкі нарықты қорғауға арналған барлық қажетті шаралар бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, демпингтік баға анықталған немесе импорт көлемі күрт артқан жағдайда тиісті шектеулер енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:44, 4 ақпан 2026
Депутат агротехникалық колледждерді қаржыландыруды қайта қарауды ұсынды
-
13:34, 4 ақпан 2026
Қарағанды облысында полиция кәсіпкердің ақшасын алаяқтардан сақтап қалды
-
13:23, 4 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында ресми түрде қарсы алды
-
13:23, 4 ақпан 2026
Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
-
13:22, 4 ақпан 2026
Ливияда Муаммар Каддафидің ұлы өз үйінде өлі күйінде табылды





