Мәжіліс денсаулық сақтау стандарттарын жеңілдету туралы заң жобасын мақұлдады

11:15, 25 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

2024 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды қажетсіз (артық) заңнамалық реттеуді жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Заң жобасының мақсаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру болып табылады.

"Заң жобасы қажетсіз (артық) заңнамалық реттеуді жоюға және денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған құқықтық нормаларды көздейді.Заң жобасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді", — делінген хабарламада.

Заң жобасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жекелеген құзыреттерін оларды оңтайландыру мақсатында заңнамалық реттеуді алып тастауды, сондай-ақ кейіннен заңға тәуелді актілерде реттеуді ұсынады.

Желтоқсанның 18-і күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дүйсенбай Тұрғанов Денсаулық сақтау министрлігін сынға алып, департаментке қалдықтарды өңдеу саласындағы санитарлық ережелер мен нормаларға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды ұсынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!