Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала себептері белгілі болды
© Сурет: pixabay
Ақтау қаласының маңында 2024 жылғы 25 желтоқсанда ұшақ апатқа ұшырады. Оқиғаның алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 11: 10-да "Қазаэронавигация" РМК-дан ақпарат келіп түсті: Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.
Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Бұған дейін Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 14 сәуір 2026
Абай облысында колонияға Wi-Fi-роутер өткізген күдікті анықталды
-
22:06, 14 сәуір 2026
Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде дрифт жасаған тұрғын жауапқа тартылды
-
21:48, 14 сәуір 2026
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
-
21:20, 14 сәуір 2026
Гауһар Өмірзақова пара пауэрлифтингтен Азия-Океания чемпионатының күміс жүлде иеленді
-
21:10, 14 сәуір 2026
Қарағандыда зейнеткерлерді ақшасыз қалдырған күдікті қолға түсті





