Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
© Фото: akorda.kz
2024 жылы 25 желтоқсанда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанда Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Бакуге оралды. Сондай-ақ ол қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, Әлиев жаңа жыл алдындағы Санкт-Петербургте өтетін ТМД елдері басшыларының дәстүрлі бейресми саммитіне қатысуы тиіс болған. Алайда апат орнауына байланысты Ресейден дереу еліне ұшып кеткен.
Кейін апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылардың қазасына байланысты көңіл айтты.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Оқиғаға дейін ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Ұшақта Қазақстан азаматтары болған.
Сондай-ақ Қазақстанда ұшақ апатының себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Көлік, Сыртқы істер, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кіреді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:56, 25 желтоқсан 2024
Сноубордтан 2023 жылғы Универсиада чемпионы Альпі тауында қазаға ұшырады
-
15:05, 24 желтоқсан 2024
Ресей мұсылмандарына көп әйел алуға қайтадан тыйым салынды
-
11:54, 24 желтоқсан 2024
Израиль «Хамас» лидерін өлтіргенін мойындады
-
11:39, 24 желтоқсан 2024
Желіде Каирдегі тәртіпсіздіктер жайлы бейнелер пайда болды
-
18:51, 23 желтоқсан 2024
Ресейде балаларына жыныстық сипаттағы әрекет жасап, күйеуін өлтірген әйел сотталды