Металлургтер мен кеншілер белсенді дауыс беріп жатыр
© Сурет: Qarmet
Бүгін, 23 тамызда, Теміртау қаласындағы №265 сайлау учаскесінде Qarmet-тің конвертер цехындағы болат балқытушылар бригадасы өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін металлургтердің демалыс күні, яғни, жұмысшы топ ауысымда емес. Соған қарамастан, әріптестер Құрылтай сайлауына бірге келуге шешім қабылдаған.
"Біз үшін жауапкершілік жұмыс ауысымымен аяқталмайды. Комбинатымыздың, қаламыздың және еліміздің қалай дамитыны бізге бейжай емес. Сондықтан бүгін осында келіп, болашағымыз үшін өз таңдауымызды жасап отырмыз", – деді №1–2 МЖБ (машиналармен үздіксіз болат құю) учаскесінің бастығы Владимир Сороцкий.
Ал "Тентек" шахтасының көмір департаментіндегі кеншілер Шахтинск қаласындағы №329 және №330 сайлау учаскелерінде дауыс берді.
Металлургтер мен кеншілер өз еңбегінің нәтижесіне жауап беруге дағдыланған. Бүгін олар дәл сондай жауапкершілікпен елдің болашағына әсер ететін таңдауын жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 23 тамыз 2026
Астаналықтар азаматтық таңдауын отбасымен бірге жасап жатыр
-
17:06, 23 тамыз 2026
Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды
-
16:55, 23 тамыз 2026
Еуропадан АҚШ-қа дейін: шетелдегі қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беріп жатыр
-
16:47, 23 тамыз 2026
Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр – фоторепортаж
-
16:24, 23 тамыз 2026
Жолбарыс та «дауыс беруге» келді: Балқаштағы сайлаудың ерекше сәттері










