Металлургия өнеркәсібінің кейбір тауарлары ұлттық режимнен алып тастау тізіміне енгізілді
© Сурет: pixabay
2025 жылғы 5 маусымдағы бұйрықпен Индустрия және құрылыс министрінің міндетін атқарушы машина жасау саласындағы және химия, металлургия мен құрылыс өнеркәсібіндегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізбесіне ұлттық режимнен алып тасталатын өнімдер ретінде қосымша толықтырулар енгізді.
Тізімге қосымша мынадай тауарлар енгізілді:
- көпқырлы тіректерге арналған болат негіз (фундамент);
- конус тәрізді тіректерге орнатуға арналған екі шырақты консольді шамдарға арналған кронштейн;
- күштік металл тірек;
- антенналық болат тірек;
- көтеру-түсіру жүйесі бар болат прожекторлы мачта;
- металл құрылымдарда пайдалануға арналған торлы мачта;
- бір шырақты консольді шамға арналған кронштейн;
- күштік емес металл тірек;
- белгілі бір биіктікте антенна және бұрылмалы жабдық орнатуға арналған антенналық мачта;
- жоғары вольтты электр беру желісіне арналған металл конструкциялы тірек;
- болаттан жасалған шам тірегі (фонарный столб);
- болаттан жасалған шам тірегіне арналған кронштейн;
- диаметрі 10–50 мм болатын болат су-газ құбырлары;
- әртүрлі диаметрдегі болат электрлік дәнекерленген құбырлар;
- өлшемдері 51×51 мм-ден 100×100 мм-ге дейінгі шаршы және тікбұрышты болат дәнекерленген құбырлар.
Бұйрық 5 маусымнан бастап күшіне енді.
Өздеріңіз білетіндей, ұлттық режимнен алу – бұл шетелдік әлеуетті өнім берушілердің белгілі бір тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуға қатысуына қол жеткізуін шектеу. Ол ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында белгіленеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 16 маусым 2026
«Семей орманы» аумағында бір тәулікте 14 орман өрті шықты: оқиға орнынан видео жарияланды
-
22:16, 16 маусым 2026
Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
-
21:43, 16 маусым 2026
Қазақстан спорттық гимнастикадан Азиада мен әлем чемпионатына жолдамалар үшін таласады
-
21:08, 16 маусым 2026
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жаңа маусымдағы алғашқы қарсыласы анықталды
-
20:58, 16 маусым 2026
Тоқаев Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлуді тапсырды





