Мәскеуде КСРО дәуірінен қалған әлемдегі жалғыз лимузин сатылымға шығарылды

12:53, 2 ақпан 2026

© Сурет: auto.ru

Мәскеуде 1973 жылы шығарылған, әлемде теңдесі жоқ ЗИЛ-117П лимузині сатылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңестік автокөлік өнеркәсібінің ең сирек үлгілерінің бірі саналатын ЗИЛ-117П лимузинінің сатылымы туралы хабарландыру 31 қаңтар күні Auto.ru сайтында жарияланды. Көлік иесі оның бағасын 30 миллион рубль деп белгілеген.

Бұл автокөліктің басты құндылығы – оның бірегейлігінде. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, "П" индексі бар бұл модель бір ғана дана болып шығарылған.

Сурет: auto.ru

Көліктің жүрген жолы – 69 мың шақырым. Капотының астында қуаты 300 ат күшіне тең, 7 литрлік V8 карбюраторлы қозғалтқыш орнатылған. Ол үш сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптасып жұмыс істейді. Жабдықталуына кондиционер, электрлі әйнек көтергіштер кіреді.

Сурет: auto.ru

Сатылымға қойылған көлікке зауыттан орнатылған арнайы дабыл жүйелері – сирена, жарқылдақ шамдар, арнайы байланыс құралдары, сондай-ақ кеңестік үлгідегі толық құжаттар қоса беріледі.

Сурет: auto.ru

Бұған дейін әуеде құстай қалықтайтын автокөлік өндірісі басталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!