Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды
© Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиынға үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің 2026 жылғы 2 ақпандағы мәліметінше, премьер-министр жалған ақпарат таратқандарға заң бойынша жауапкершілік қарастырылатынын еске салды және жаңа Конституция жобасы жөнінде халықты ақпараттандыру жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.
Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
2026 жылғы 31 қаңтарда Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституция жобасын жариялады.
Ал 1 ақпанда белгілі болғандай, Алматы тұрғыны жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:08, 2 ақпан 2026
Қазақстанның ресми халық саны аталды
-
14:55, 2 ақпан 2026
«Халық бухгалтері» акциясы: қашан және қайда өтеді
-
14:47, 2 ақпан 2026
Бастауыш және орта білім беру шығындары аудандық әкімдіктерге жүктеледі
-
14:38, 2 ақпан 2026
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды
-
14:25, 2 ақпан 2026
Қазақстандықтарға елемеу керек «шұғыл» SMS-хабарламалар көрсетілді





