Элизабет Тұрсынбаеваның бапкерінің қызы Олимпиаданың ашылуында Грузия туын алып шығады
© Сурет: Instagram/tutberidze.eteri
6 ақпанда Этери Тутберидзенің қызы, мәнерлеп сырғанаушы Диана Дэвис Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтетін салтанатты рәсімде Грузияның мемлекеттік туын алып шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында оған мәнерлеп сырғанаушы Лука Берулава серік болады. Бұл туралы ақпарат 30 қаңтар күні Грузия Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтында жарияланған.
Өткен жылдың қазан айында Алматыда белгілі ресейлік бапкер Этери Тутберидзе өзінің бұрынғы шәкірті, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаевапен қайта қауышқан еді.

Сурет: Instagram/elizabetkz
Дәл Тутберидзенің жетекшілігімен Элизабет Тұрсынбаева спорттық мансабындағы ең жоғары жетістіктерге жетіп, тарихта алғашқылардың бірі болып төрт айналымды сальхов элементін орындады.
Қазіргі таңда оның қызы Диана Дэвис мұз үстіндегі билер бағдарламасында Глеб Смолкинмен бірге өнер көрсетеді. Олар 2023 жылдың жазынан бастап Грузияның намысын қорғап келеді. Жалпы алғанда, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Грузия атынан сегіз спортшы қатысады.

Сурет: Instagram/elizabetkz
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Милан қаласында 6 ақпан күні Италия уақытымен сағат 20:00-де өтеді. Қазақстанда бұл уақыт 7 ақпанға қараған түнге сәйкес келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 2 ақпан 2026
«Халық бухгалтері» акциясы: қашан және қайда өтеді
-
14:47, 2 ақпан 2026
Бастауыш және орта білім беру шығындары аудандық әкімдіктерге жүктеледі
-
14:38, 2 ақпан 2026
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды
-
14:25, 2 ақпан 2026
Қазақстандықтарға елемеу керек «шұғыл» SMS-хабарламалар көрсетілді
-
14:16, 2 ақпан 2026
Балқаш–Алакөл бассейндік су инспекциясына тиесілі жерлердің бір бөлігі Қараой табиғи қорықшасына беріледі





