Мәнерлеп сырғанаудан Таиландтағы Гран-при кезеңі: қазақстандықтардың нәтижелері

23:15, 8 қыркүйек 2026
MKZ: 1565862

© Сурет: olympic.kz

Таиландтың Бангкок қаласында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздар арасындағы жарыста Қазақстан намысын Мария Сосновская қорғады. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша отандасымыз 127,71 ұпай жинап, 18-орынға ие болды.

Қыздар арасындағы жекелей сында Ресей өкілі София Дзепка 205,73 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды жапониялық Сумика Канадзава (202,79), үшінші орынды канадалық Лиа Чо (192,75) иеленді.

Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан Ералы Шахимурат өнер көрсетті. Ол екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 138,91 ұпай жинап, жарысты 18-орынмен аяқтады.

Бірінші орынды 260,90 ұпай жинаған ресейлік Лев Лазарев алды. Жаңа Зеландия өкілі Янхао Ли (244,68) күміс жүлдегер атанса, Таиланд спортшысы Хиро Каевтатхип (229,51) қола жүлдеге ие болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!