Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы толығымен жабылады
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша толық жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақ аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты жаңғырту кезеңінде тұрғындар мен қала қонақтарының саябаққа кіруіне шектеу қойылады.
Жоба аясында аумақ кешенді түрде абаттандырылып, инженерлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылады. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, демалушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылады.
Саябақ жабылған кезде тұрғындар мен қонақтар жақын маңдағы Flow Park аумағында серуендей алады. Ол келушілер үшін ашық болады. Flow Park-ке іргелес аумақтарды байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі арқылы баруға болады.
Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталу мерзімі мен оның келушілер үшін қайта ашылатын күні қосымша хабарланады.
Алматы тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:36, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы саммит аясында бірқатар кездесу өткізді
-
16:34, 16 қазан 2026
«Адамдар баспалдақта ілініп тұр, есіктер жабылмайды»: алматылықтар лық толы автобустарға шағымданды
-
16:23, 16 қазан 2026
«Сканерлемеңіз!»: Алматы полициясы тұрғындарға ескерту жасады
-
16:12, 16 қазан 2026
16 қазандағы саудада доллар тағы арзандады
-
16:06, 16 қазан 2026
Тоқаев Алматыда Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін ашуды ұсынды





