Қазақстанда экология мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізу тәртібі өзгерді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта "қоғамдық тыңдаулар" ұғымы нақтыланды. Бұл – ашық жиналыстар өткізу және "Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде жария талқылаулар ұйымдастыру арқылы қоршаған ортаны қорғау мен елдің орнықты дамуына қатысты мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысу нысандарының бірі.
Сонымен қатар қай кезде қайта қоғамдық тыңдау өткізілетіні белгіленді. Егер экологиялық рұқсат беруден бас тартылғаннан кейін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш қайта тапсырылса және бұған дейінгі қоғамдық тыңдаулар барысында оларды өткізу тәртібіне қатысты экологиялық заңнама талаптары бұзылса, тыңдау қайта өткізіледі.
Алайда қоғамдық тыңдау хаттамасына қол қою мерзімінің бұзылуы ондағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына әсер етпесе, қайта тыңдау өткізу талап етілмейді.
Қағидаларға тағы бір жаңа норма енгізілді. Оған сәйкес, әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде қоғамдық тыңдау хаттамасының қолданылу мерзімі аталған жағдайлар аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Ашық жиналыс форматындағы қоғамдық тыңдаулар мына нысандар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілген кезде өткізіледі:
- экологиялық рұқсат алу үшін ұсынылатын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін I санаттағы нысандарды салу немесе пайдалануға арналған жобалау құжаттамалары бойынша;
- қоршаған ортаға теріс әсер ететін II санаттағы нысандарды салу немесе пайдалануға арналған жобалау құжаттамалары бойынша. Олардың қатарына тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандарды қоспағанда, өнеркәсіптік нысандар, өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ өзге де құрылыстар жатады;
- қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде. Бұл – қағидаларға енгізілген жаңа негіз.
Қоғамдық тыңдаудың бастамашысы оны өткізу орны, күні мен уақытын келіскеннен кейін цифрлық жүйе арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің – астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына мына құжаттарды жолдайды:
"Қоғамдық тыңдаулар" айдарының толтырылған нысанын;
- тыңдаудың тақырыбына қарай қоғамдық талқылауға шығарылатын құжаттар топтамасын;
- қоғамдық тыңдауды өткізу келісілгені туралы жауап хатты;
- қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарландыруды немесе оның мерзімді баспасөз басылымында және кемінде бір телеарнада не радиоарнада уақтылы орналастырылғанын растайтын құжатты.
Ашық жиналыс түрінде өткізілетін қоғамдық тыңдауларға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нысандар бойынша мынадай құжаттар ұсынылады:
- экологиялық рұқсат алу үшін әзірленген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін I санаттағы нысандарды салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы және оған қоса берілетін техникалық емес түйіндеме;
- №165 қағидалардың 9-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін II санаттағы нысандарды, оның ішінде өнеркәсіптік нысандарды, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды және өзге де құрылыстарды салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы, сондай-ақ оған қоса берілетін техникалық емес түйіндеме.
Сонымен қатар ашық жиналыс түрінде өткізілетін қоғамдық тыңдауларға мынадай жаңа құжаттар ұсынылады:
- елді мекендер үшін шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томдарының жобалары;
- қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобалары.
Қоғамдық тыңдауға шығарылатын құжаттар тыңдау өтетін күнге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын цифрлық жүйеде, жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ құжатты әзірлеген мемлекеттік органның сайтында танысу үшін жарияланады.
Көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызмет түрлеріне қатысты құжаттар қоғамдық тыңдау өтетін күнге дейін кемінде 15 жұмыс күні бұрын орналастырылады. Бұл талап теңізде орналасқан жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде жүзеге асырылатын жоспарланған қызметке қолданылмайды.
Бұдан бөлек, қағидалар жаңа нормамен толықтырылды. Егер бастамашы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен немесе оның өкілімен келісілгеннен кейін қоғамдық тыңдаудың өтетін орнын және/немесе уақытын өзгертсе, бұл туралы хабарлама тыңдау басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жариялануға тиіс.
Хабарлама цифрлық жүйеде және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, жеке және өзге де сипаттағы ескертулер мен ұсыныстардың жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің қоршаған ортаға әсерімен байланысы негізделген жағдайда олар есепке алынады.
Ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта ұсынылған кезде қоғамдық тыңдауды қайта өткізу талап етілмейді.
Алайда бұған дейінгі қоғамдық тыңдау барысында оны өткізу тәртібіне қатысты Қазақстанның экологиялық заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда тыңдау қайта ұйымдастырылады.
Егер қоғамдық тыңдау хаттамасына қол қою мерзімінің бұзылуы онда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына әсер етпесе, бұл талап қолданылмайды.
Алдыңғы қоғамдық тыңдауды өткізу тәртібінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, қайта ұйымдастырылған тыңдауда ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы толық көлемде қаралады. Хаттамаға қол қою мерзімінің бұзылуы бұл талапқа жатпайды.
Сондай-ақ цифрлық жүйеде жария талқылау түрінде қоғамдық тыңдауларды бастамашы №165 қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандарды салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында ұйымдастыратыны нақтыланды.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің, яғни астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қазақ және орыс тілдерінде еркін нысанда хабарландыру жариялайды.
Хабарландыруда бастамашы, жобаның атауы және қоғамдық тыңдаудың өткізілу мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар жария талқылау түріндегі қоғамдық тыңдауды үйлестіруге жауапты тұлғаны белгілейді.
Бұйрық 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:43, 8 қыркүйек 2026
Қауіпті қазақстандық қылмыскер бостандыққа шығып, қайта қылмыс жасады: оған қандай жаза тағайындалды
-
10:34, 8 қыркүйек 2026
Жаңаөзенде көлік ішінде газ баллон жарылды
-
10:24, 8 қыркүйек 2026
«Ботаникалық бақ базарға айналып барады»: астаналық тұрғындар наразылық танытуда
-
10:13, 8 қыркүйек 2026
Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті
-
10:02, 8 қыркүйек 2026
Сатып алған күні 40 млн теңгелік BMW көлігін қиратып алды: Алматыда ауыр жол апаты болды





