Қазақстандық оқушылар 11 жылдық білім беру жүйесіне қайта оралуы мүмкін
© Фото: Министерство просвещения РК
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкіметте өткен брифингте мектептерді 11 жылдық білім беру форматына көшіру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта арнайы комиссия мектеп бағдарламаларының мазмұны мен өзара сәйкестігін зерделеп жатыр.
"Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстанда бірыңғай білім беру стандарты болуы керек. Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларының 88%-ы мектепті 18 жасында аяқтайтынын көріп отырмыз. НЗМ-де білім алатын оқушылардың 10-сыныптан кейін құжаттарын алып, жалпы білім беретін мектептерге ауысу үрдісі де байқалады. Сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесін қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Яғни барлық оқу бағдарламасы мен олардың мазмұнын, соның ішінде халықаралық бағдарламаларды да 11 жылдық форматқа бейімдеу қажет", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім 2027 жылы қабылдануы мүмкін.
"Әзірге нақты мерзімін айта алмаймыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін оның нәтижесін хабарлаймыз. Менің ойымша, шешім 2027 жылғы қаңтарда қабылдануы мүмкін", – деді министр.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ақтаудағы лицейлердің бірін қашықтан оқыту форматына көшіруге қатысты пікір білдірген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 23 қазан 2026
Қазақстанда бір жылда қандай азық-түлік арзандады
-
16:46, 23 қазан 2026
Қазақстанда жүргізушілердің медициналық рұқсатын автоматты түрде есепке алу жоспарланып отыр
-
16:37, 23 қазан 2026
Жетісу облысында мас жүргізушілер ұсталды
-
16:30, 23 қазан 2026
Экономистер доллар бағамы жыл соңына дейін айтарлықтай өзгермейді деп болжап отыр
-
16:21, 23 қазан 2026
Орал тұрғыны көлік нөміріне әдепсіз жазу жазғаны үшін айыппұл арқалады





