МӘМС жүйесіне кірмейтіндерге қандай аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі
© Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 6 қарашада ДСМ міндетін атқарушының бұйрығымен МӘМС жүйесіне қатыспайтын адамдарға стационар жағдайында көрсетілетін шұғыл, өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезіндегі мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, өмірге қауіп төндіретін жедел жағдайлар қатарына және стационарда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекке (оның ішінде тәулік бойғы стационардың қабылдау бөлімінде диагноз анықталғанға дейін жүргізілетін емдеу-диагностикалық іс-шаралар) төмендегідей аурулар мен жағдайлар енгізілген:
- Жүрек-қантамыр аурулары (жедел коронарлық синдром, инфаркт, инсульт);
- Жарақаттар (ауыр сынулар, бас-ми жарақаты, денеге өтетін жарақаттар);
- Тыныс жетіспеушілігі (тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуі, пневмонияның ауыр түрлері);
- Іштің қатты ауыруы (соқырішектің қабынуы, ішек өтімсіздігі, перфорация белгілері);
- Аллергиялық реакциялар (ауыр анафилаксия);
- Уланулар (улы химиялық заттармен, есірткімен немесе ауыр инфекциялармен улану);
- Психикалық бұзылыстар (жедел психоздар, суицидтік ойлар немесе өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері);
- Эндокриндік криздер (гипергликемиялық немесе гипогликемиялық кома, тиреотоксикалық криз);
- Өмірге қауіп төндіретін және тәулік бойы бақылауды, қарқынды терапияны қажет ететін кез келген жағдайлар;
- Жүкті әйелдер мен босанғаннан кейінгі 42 күн ішіндегі әйелдердің кез келген шағымдары.
Барлығы 917 ауру түрі осы тізімге енгізілген.
Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 7 желтоқсан 2025
Алматыда қылмыс деңгейі азайды – Ішкі істер министрі
-
11:47, 7 желтоқсан 2025
7 желтоқсандағы Алматы мен Астанадағы валюта бағамы қалай өзгерді
-
11:20, 7 желтоқсан 2025
Алматыда 6-10 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады
-
10:59, 7 желтоқсан 2025
Серуендемеген жөн: елдің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
10:14, 7 желтоқсан 2025
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалында алтыншы орын алды





