Қазақстандық биатлоншылар Эстонияда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады

22:38, 11 наурыз 2026

© Сурет: olympic.kz

Биатлоннан Эстонияның Отепя қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс 12-15 наурыз аралығында өтеді.

Әлем кубогы кезеңі аясында ерлер арасындағы бәсекеде Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес және Александр Мухин сынға түседі.

Ал әйелдер арасында Милана Генева, Айша Ракишева, Дарья Климинa және Лаура Киныбаева ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, 12 наурызда ерлер арасында спринт сайысы өтеді. Жарыс Астана уақытымен 19:15-те басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!