Мемлекеттік қызметшілер 2027 жылдан бастап жеке мүдделері туралы декларация толтырады
© Фото: freepik
Үкімет 2026 жылғы 20 тамыздағы қаулысымен жеке мүдделер туралы декларацияны толтыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидада "жеке мүдде", "жақын туыстар", "жекжаттар" және "басқа да байланысты тұлғалар" ұғымдары айқындалған.
Жеке мүдде – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оларға теңестірілген тұлғаның, лауазымды адамның өзі, жақын туыстары, жұбайы, жекжаттары және басқа да байланысты тұлғалар үшін мүліктік және (немесе) мүліктік емес сипаттағы игіліктер мен артықшылықтарды алуға мүдделілігі.
Жақын туыстарға ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, туған және туған емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі және немерелері жатады.
Жекжаттар – туған және туған емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, сондай-ақ жұбайының ата-анасы мен балалары.
Ал басқа да байланысты тұлғаларға балалардың жұбайлары, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің жұбайлары мен балалары, ата-анасының аға-інілері мен апа-сіңлілері және олардың балалары, бірге шаруашылық жүргізетін адамдар, асырауындағы тұлғалар, бұрынғы жұбайы, сондай-ақ белгілі бір заңды тұлғалар жатады.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратындар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік және оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кірген күннен бастап немесе қызметі ауысқан жағдайда 15 жұмыс күні ішінде жеке мүдделері туралы декларация толтыруы тиіс.
Декларацияны ұсынбаған немесе уақытында тапсырмаған тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Кімдер декларация тапсырмайды?
Декларацияны президенттікке, Құрылтай немесе мәслихат депутаттығына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл және ауылдық округ әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланатын кандидаттар тапсырмайды.
Сондай-ақ автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалау жүргізетін тұлғалар мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламаларды іріктеуге қатысатын алқалы органдардың мүшелері де декларациядан босатылады.
Алайда мемлекеттік лауазымды немесе мемлекеттік ұйымдағы не квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқаратын тұлғалар бұл ерекшелікке жатпайды.
Декларацияда қандай мәліметтер көрсетіледі?
Құжатта:
- сол мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде бірге жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы, жекжаттары және басқа да байланысты тұлғалар туралы;
- басқа ақылы қызметі туралы, оның ішінде педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметі туралы;
- Қазақстанда және (немесе) шетелде тіркелген коммерциялық ұйымдарға қатысуы және жеке кәсіпкерлігі туралы;
- қызметке тағайындалғанға дейінгі бір жыл ішінде болған коммерциялық ұйымдарға қатысуы немесе жеке кәсіпкерлік қызметі туралы;
- меншігіндегі мүлікті сенімгерлік басқаруға бергені туралы мәліметтер көрсетіледі.
Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын қызметкерлер бұған қоса жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары акцияларына ие немесе басқаруына қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпарат береді. Бұл ұйымдар қызметкер жұмыс істейтін мемлекеттік органмен, ұйыммен немесе квазимемлекеттік сектор субъектісімен азаматтық-құқықтық қатынаста болған жағдайда, аталған мәліметтер декларацияға енгізіледі.
Декларация жұмыс орны бойынша кадр қызметіне немесе кадр қызметінің функцияларын атқаратын жауапты тұлғаға жазбаша түрде тапсырылады.
Егер декларацияда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсетілсе, оны тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қосымша декларация беруге болады. Жаңа мәліметтер пайда болған жағдайда декларация жаңартылады.
Декларацияларды жинауға кадр қызметінің қызметкерлері арасынан жауапты тұлғалар тағайындалады.
Құжат мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 27 тамыз 2026
27 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:41, 27 тамыз 2026
Ашуға бой алдырған такси жүргізушісі сотталды
-
15:36, 27 тамыз 2026
Бензинге қатысты шағымдар толастар емес: бірнеше өңірде жанармай сапасы тексеріледі
-
15:28, 27 тамыз 2026
Кірістер мен мүлік туралы декларация: сыйға берілген пәтерді көрсету керек пе
-
15:19, 27 тамыз 2026
Астанада жол бойына ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынды





