Ашуға бой алдырған такси жүргізушісі сотталды
© Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында жолаушыны бірнеше рет балағаттаған такси жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорлау дерегі бойынша жеке айыптау ісі Сарысу аудандық сотында қаралды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар арасындағы жанжал таксимен сапардан кейін басталған.
"2025 жылғы ақпанда такси жүргізушісі (М. есімді азамат) жәбірленушінің анасының көзінше оны балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан. Бір жылдан кейін ер адамдар арасында тағы да жанжал шыққан. Жәбірленуші такси іздейтіні туралы хабарландыру жариялағаннан кейін жүргізуші оған WhatsApp арқылы бірнеше рет қоңырау шалған. Осыдан соң жәбірленуші онымен енді байланыспауын талап етіп, дауыстық хабарлама жіберген. Жауап ретінде жүргізушіден дөрекі әрі қорлайтын сөздер айтылған аудиохабарлама келген", – делінген сот хабарламасында.
Сот отырысында такси жүргізушісі кінәсін мойындап, дөрекі сөздерді ашуға бой алдырған сәтте айтқанын түсіндірді. Ол жасаған әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады.
Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сотталған азаматтан жәбірленушінің пайдасына 20 мың теңге моральдық зиян өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін зерттеушілер жолаушылар тасымалы нарығын зерделеп, қазақстандықтардың такси қызметін жиі пайдалана бастағанын анықтаған еді. 2026 жылғы қаңтар-шілде аралығында такси қызметінің кірісі 101 млрд теңгеге жетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 27 тамыз 2026
«4 млрд теңге үнемдедік». Үкіметте МӘМС реформасы сөз болды
-
17:05, 27 тамыз 2026
Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы нешінші орын алды
-
16:57, 27 тамыз 2026
Жанатаста мамандардың отбасыларымен бірге қоныс аударып, жұмыс істеуіне жағдай жасалуда
-
16:56, 27 тамыз 2026
Аялдамаға апарып, аяқкиімін шешкен: Талғарда ер адам 8 жастағы қызға шабуыл жасады
-
16:45, 27 тамыз 2026
Қазақстанда тұрғын үй беру қағидалары өзгереді: ауыл тұрғындарын не күтіп тұр





