Астанада жол бойына ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана қаласының мәслихаты 2026 жылғы 20 тамыздағы шешімімен елорданың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта биіктігі үш қабатқа дейінгі тұрғын немесе қоғамдық ғимараттар арасындағы ең аз қашықтық нақтыланды. Жер деңгейінен шатырдың ең биік нүктесіне дейінгі биіктігі 12 метрден аспайтын мұндай нысандар арасындағы аралық инсоляция нормалары мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес белгіленеді.
Сонымен қатар қағидалар жаңа тармақтармен толықтырылды. Оған сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойындағы бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар жүргізуге рұқсат етілмейді.
Бұл шектеу:
- жол қызметі нысандарына;
- сыртқы (көрнекі) жарнамаға;
- полиция бекеттеріне;
- санитариялық-эпидемиологиялық, кедендік, шекаралық және көліктік бақылау бекеттеріне;
- ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттеріне;
- ұялы немесе спутниктік байланыс жабдықтарына арналған антенна-діңгек құрылыстары мен тіректерге;
- автоматтандырылған өлшеу станцияларына;
- талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қолданылмайды.
Сондай-ақ 2035 жылға дейін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен, магистральдық инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген бірқатар аумақта құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Олар:
- К-1 айналма жолының солтүстік бөлігі мен Өндіріс тасжолының бойы;
- К-1 айналма жолының солтүстік-шығыс бөлігі мен Алаш тасжолының бойы;
- айналма жолдың шығыс бөлігі мен Астана – Қарағанды тасжолының бойы.
Мәслихаттың шешімі 2026 жылғы 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:20, 27 тамыз 2026
Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ
-
15:52, 27 тамыз 2026
27 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:41, 27 тамыз 2026
Ашуға бой алдырған такси жүргізушісі сотталды
-
15:36, 27 тамыз 2026
Бензинге қатысты шағымдар толастар емес: бірнеше өңірде жанармай сапасы тексеріледі
-
15:28, 27 тамыз 2026
Кірістер мен мүлік туралы декларация: сыйға берілген пәтерді көрсету керек пе





