Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

09:35, 23 қыркүйек 2023

© Сурет: akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", - деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!