Мемлекет басшысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.
"Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.
Қаңтардың 10-ы күні таңертең белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің 85 жасында АҚШ-та қайтыс болғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:31, 10 қаңтар 2025
Семейдегі өзенге батып кеткен көлік: екі жолаушыны іздеуге өзге аймақтардан сүңгуірлер тартылды
-
16:23, 10 қаңтар 2025
Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады
-
16:12, 10 қаңтар 2025
Түркістан облысында қарауылдан 2,4 мыңнан астам «Трамадол» таблеткасы тәркіленді
-
15:50, 10 қаңтар 2025
Лос-Анджелестегі алапат өрт: күдікті ұсталды, қаза тапқандардың саны екі есе өсті
-
15:49, 10 қаңтар 2025
Қазақстандағы саудада доллар бағамы көтерілді