Қазақстандағы саудада доллар бағамы көтерілді

15:49, 10 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 10 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,91 теңгеге көтеріліп, 526,81 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 71,60 теңгеге (+0,18) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 527,56-530,25 теңге, еуро 541,99-547,22 теңге, рубль 5,09-5,20 теңге аралығында сатылуда.

10 қаңтардағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 2,03%-ға өсіп, барреліне 78,47 долларды құрады. Америкалық West Texas Intermediate (WTI) шикі мұнайы 2,06%-ға қымбаттап, барреліне 75,45 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 527,23 теңге, еуроны 544,05 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!