Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесі жөніндегі құттықтау сөзін Ақорда баспасөз қызметі жарияланды.
"Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз.
Осыдан екі жыл бұрын елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады.
Жалпы, "Таза Қазақстан" бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды.
Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша деп ойлаймын.
Сондықтан ең бастысы елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін.
Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!
Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін!
Туымыз биікте желбіресін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!"
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 21 наурыз 2026
Атырау облысындағы отбасы қазасы: іс бойынша жаңа бап қосылды
-
14:41, 21 наурыз 2026
Президент: Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық
-
14:36, 21 наурыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның экономикалық өсімі 6,5 пайызға жетті
-
14:34, 21 наурыз 2026
Мемлекет басшысы қарулы қақтығыстар болып жатқан елдерге үндеу жасады
-
14:34, 21 наурыз 2026
Мемлекет басшысы халықаралық қауымдастықтарды қарулы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды





