Мемлекет басшысы қарулы қақтығыстар болып жатқан елдерге үндеу жасады
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қауымдастыққа үндеу жасап, әлемдегі қарулы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары геосаяси ахуалдың күрделеніп, бірқатар елдерде соғыстар мен қақтығыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдай әлемдік экономикаға кері әсерін тигізуде.
"Таяу Шығыстағы соғыс әбден шиеленісіп кетті. Бұл қақтығыста ешбір мемлекет түпкілікті пайдаға қол жеткізе алмайды", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен азаматтық және экономикалық нысандарға жасалатын қарулы шабуылдарды тоқтатып, келіссөздерге көшу қажеттігін айтты. Сонымен қатар Қазақстан бейбіт диалог алаңын ұсынуға дайын екенін жеткізді.
"Қазақстан дәнекер болуға ұмтылмайды, бірақ бейбіт келіссөздер жүргізу үшін өз аумағын ұсынуға дайын. Мұндай кездесулерді Түркістанда өткізуге болады", – деді Мемлекет басшысы.
Президент қақтығысқа қатысушы елдерді тез арада келісімге келуге шақырып, қарулы әрекеттер жалғаса берсе, бұл тек аймақтық емес, жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіретінін ескертті.
"Әбден кеш болмай тұрғанда соғысты тоқтатып, келіссөздерді бастау қажет. Әйтпесе, көптеген халықтың бейбіт өмірі бұзылып, әлемдік тұрақтылықтың негізі шайқалады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 21 наурыз 2026
Қайтадан жаңбыр мен қар: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
15:42, 21 наурыз 2026
Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді
-
15:19, 21 наурыз 2026
Актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
-
14:57, 21 наурыз 2026
Атырау облысындағы отбасы қазасы: іс бойынша жаңа бап қосылды
-
14:41, 21 наурыз 2026
Президент: Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық





