Қазақстанда 21 наурызда антициклон әсерінен жауын-шашын аз түседі

17:33, 20 наурыз 2026

© Фото: zakon.kz

"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 21 наурыз, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

"Тек елдің қиыр солтүстігінде аздаған жауын-шашын түседі, ал батыстың шеткі бөлігінде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болжанады", – делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар ел бойынша кей жерде тұман мен көктайғақ (әсіресе солтүстік және орталық өңірлерде) болады. Солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!