Үкімет Алатаудағы арнайы режимге байланысты лоббизм тәуекелдерін түсіндіріп берді
© Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2026 жылғы 20 наурызда Үкіметтегі брифингте Алатау қаласында арнайы экономикалық режим енгізілуіне байланысты лоббизм тәуекелдеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Алатау офшорлық аймақ болмайды.
"Офшорлық аймақ деген – салықтары өте төмен, компания тіркеп, аз ғана төлем жасап, әлемнің басқа жерлерінде еркін сауда операцияларын жүргізетін орын. Алатау қаласы ондай аймақ болмайды. Бізде жеңілдіктер тек осы қала аумағында нақты қызметін жүзеге асыратын компанияларға ғана беріледі. Барлық преференциялар қала әкімшілігі беретін бизнес-лицензияларда нақты көрсетіледі. Онда бір жағынан жеңілдіктер болса, екінші жағынан инвестордың міндеттері белгіленеді: қанша жұмыс орны ашылады, қанша салық төленеді, нысанды салу мен іске қосу мерзімі қандай болады – зауыт па, фабрика ма, әлде әлеуметтік нысан ба - бәрі нақтыланады", – деді Бозымбаев.
Сондай-ақ оның айтуынша, барлық жеңілдіктер мен міндеттемелер ашық ақпараттық жүйеде көрсетіледі.
"Бұл жүйе кез келген инвестор үшін ашық болады. Онда олардың қандай міндет алғаны және оны қалай орындап жатқаны толық көрінеді. Кез келген Қазақстан азаматы бұл ақпаратты еркін қарап, жағдаймен таныса алады. Сонда бәрі ашық болады – біреуге ерекше артықшылық берілді ме, жоқ па, бәрі көрініп тұрады. Біздің инвесторлар да, шетелдік инвесторлар да – бәрі маңызды", – деп қосты вице-премьер.
Бұған дейін Алатау қаласын Сингапур мен Дубай тәжірибесі негізінде дамыту жоспарлануда екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 20 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 21-25 наурыз
-
17:41, 20 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 21-25 наурыз
-
17:33, 20 наурыз 2026
Қазақстанда 21 наурызда антициклон әсерінен жауын-шашын аз түседі
-
17:20, 20 наурыз 2026
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
-
17:10, 20 наурыз 2026
Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирінің финалына өтті





