Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирінің финалына өтті

17:10, 20 наурыз 2026

© Сурет: olympic.kz

Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы жарыс күні төрт отандасымыз ел намысын қорғады.

66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев финалға өтті. Ол жартылай финалда Давид Гарсия Торнені (Испания) жеңді. Осылайша Нұрқанат финалда Туран Байрамовпен (Әзербайжан) белдеседі.

Ал Талғат Орынбасар 60 келіге салмақтың жартылай финалында Ицхак Ашпизге (Израиль) жол берді. Осылайша ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде украиналық Артем Лесюкпен кездеседі.

Ал Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ақылжан Жұбатқанов (66 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!