Мемлекет басшысы: Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізу ЖІӨ-ге 20 млрд долларға дейін кіріс әкелуі мүмкін
© Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу Қазақстан экономикасының жаңа мүмкіндіктерін аша алатынын айтты. Бұл туралы ол бизнес өкілдерімен жүздесу барысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты заманға сай жаңғырту қажеттігін атап өтті.
"Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын өзгерту керек. Бұл істе жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын тиімді қолданған жөн", – деді Президент.
Тоқаевтың айтуынша, жасанды интеллекттің дамуы әлемдік экономиканы түбегейлі өзгертіп жатыр. Сарапшылар 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік ішкі жалпы өнімге 17–26 триллион доллар пайда әкеліп, 78 млн жаңа жұмыс орны құрылуы мүмкін екенін болжайды.
Қазақстан үшін де бұл бағыт ауқымды экономикалық тиімділік бере алады.
"Қазақстан жағдайында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы өнімге 14 млрд доллардан 20 млрд долларға дейін кіріс әкелуі мүмкін. Осындай болжам бар. Бірақ шын мәнінде қалай боларын өмір көрсетеді", – деді Мемлекет басшысы.
Президент жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 5 желтоқсан 2025
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады
-
14:49, 5 желтоқсан 2025
Астанада шағын автобус пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты
-
14:38, 5 желтоқсан 2025
Қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау ережесі бекітілді
-
14:23, 5 желтоқсан 2025
Президент: Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр
-
14:20, 5 желтоқсан 2025
Президент: Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет





