Мемлекет басшысы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 5 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сенат бұл заң жобасын 2026 жылы 16 сәуірде мақұлдаған болатын.
Екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруді көздейтін құжатқа Мемлекет басшылары Қазақстан президентінің Тәжікстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында 2024 жылғы 22 тамызда Душанбеде қол қойған еді.
Айта кетсек, 26 баптан тұратын шартта саяси, әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзиттік, азық-түлік, өнеркәсіптік, су-энергетикалық, экологиялық, цифрлық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту көзделеді. Сонымен қатар, бұл құжат аясында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты да одан әрі нығайтуды қолдайды.
Шартты ратификациялау – аймақтағы саяси, экономикалық, гуманитарлық байланыстарды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамыту арқылы екі елдің ырысты ынтымағына берік негіз болады.
2026 жылы 21 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездескен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 5 мамыр 2026
СҚО-да полицейлер мал ұрлығымен айналысқан топты құрықтады
-
19:51, 5 мамыр 2026
Берік Асылов Әсем Орынбайды стендтік атудан Әлем кубогы кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады
-
19:51, 5 мамыр 2026
Берік Асылов Әсем Орынбайды стендтік атудан Әлем кубогының кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады
-
19:30, 5 мамыр 2026
Алматы-1 вокзалында жолаушылардың мазасын алған ерлі-зайыптылар ұсталды
-
19:14, 5 мамыр 2026
Астанадағы мешіттердің бірінде құны 1 млн теңге болатын күртеше ұрланды – видео





