Астанадағы мешіттердің бірінде құны 1 млн теңге болатын күртеше ұрланды – видео

19:14, 5 мамыр 2026

© Сурет: Zakon.kz

Астанадағы мешіттердің бірінде бағалы брендтік күртеше ұрланды. Арнайы жедел-профилактикалық іс-шара аясында құны 1 млн теңге болатын киімнің ұрлық фактісі бойынша күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында белгілі болғандай, белгісіз азамат Астанадағы мешіттердің біріне келіп, дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімдерінің арасынан еркін қол жеткізу арқылы қара түсті "Moncler" брендіндегі күртешені жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын құны 1млн теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жеке мүлкіне мұқият болуды ескертеді. Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласу сұралады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!