Қытайда отшашу зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар
© Фото: Zakon.kz
Қытайдың Хунань провинциясында отшашу шығаратын зауытта жарылыс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының Xinhua агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, оқиға салдарынан кемінде 3 адам қаза тауып, тағы 25 адам жарақат алған.
Жарылыс 4 мамыр күні жергілікті уақытпен шамамен 16:43-те Люян қаласының уездік деңгейіндегі Гуаньду елді мекенінде орналасқан кәсіпорында болған.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның себептерін анықтап жатыр, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Қытайда бірден үш қаланы қосқан 55 шақырымдық алып құрылыс салынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:41, 26 маусым 2026
Венесуэладағы жер сілкінісі: 188 адам қаза тауып, 37 мыңнан астамы із-түзсіз жоғалды
-
09:07, 25 маусым 2026
Венесуэлада күшті жер сілкіністерінен кейін төтенше жағдай жарияланды
-
21:35, 24 маусым 2026
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылып қалды
-
14:31, 24 маусым 2026
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы
-
10:15, 24 маусым 2026
Испанияда турист теңізге секіріп, сал болып қалды





