Мемлекет басшысы: Қазақстан Дүниежүзілік банк тарапынан ұзақмерзімді инвестицияға мүдделі
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Дүнижүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антонелла Бассаниді Дүнижүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк осы уақытқа дейін Қазақстандағы түрлі жобаларға 8 миллиард доллардан астам қаржы бөлгенін атап өтіп, қаржы институтының елімізбен серіктестігі жалғасын табатынына сенім білдірді.
Президент елімізде көмірсутегі бейтараптығына жету үшін 2035 жылға дейін жалпы қуаты 10 ГВт "таза" энергия өндірісін іске қосу, сондай-ақ Транскаспий көлік бағдарын дамыту жобалары жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұдан бөлек, Қазақстан Дүниежүзілік банк тарапынан ұзақмерзімді инвестицияға мүдделі екенін растады.
Антонелла Бассани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік банктің Қазақстанда және Орталық Азия аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ ол жаһандық экономиканың дамуына қатысты өзінің пікірін айтты.
Бұған дейін Президент Азия даму банкінің еліміздегі жобаларды қаржыландыру мәселесін талқылаған болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Клаудио Дескальцимен еліміздегі мұнай-газ жобаларын іске асыру жайын сөз етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





