Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 9 қарашасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, кездесуде Мемлекет басшысы қазақ тілін үйретуде және ғылыми еңбектерді аударуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін барынша пайдаланудың маңызды екенін айтты.
Рауан Кенжеханұлы қоғамның үш бағытта жұмыс істеп жатқанын баяндады. Олар – қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақ тіліндегі мазмұнды байыту және жаңа технологиялар саласында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
Қоғам төрағасының айтуынша, OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында 14 миллиард токеннен тұратын мәтін корпусы жасалып, 12 мың сағат аудиожазба жинақталған.
Соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде дыбысталып, үлкен экранға шықты.
Рауан Кенжеханұлы Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы туралы да баяндады. Қорға түскен жарналардың жалпы сомасы 824 миллион теңгеге жеткен.
Мемлекет басшысы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметін жоғары бағалап, алдағы жоспарларын жүзеге асыруда табыс тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:44, 9 қараша 2026
Алматы автобустарында жолаушылар қандай заттарын жиі ұмытып кетеді
-
15:25, 9 қараша 2026
Қазақстанда бизнеске берілген несие портфелі бір жылда 14%-ға өсті
-
15:23, 9 қараша 2026
Қазақстанда соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру тәртібі өзгереді
-
15:11, 9 қараша 2026
Табысы жоғары отбасыларға берілетін барлық әлеуметтік төлем тоқтатыла ма? Еңбек министрлігі жауап берді
-
15:03, 9 қараша 2026
Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, күн суытады





