Алматылық оқушы жер сілкінісін бір тәулік бұрын болжап айтуды көздеп отыр

11:55, 11 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Алматылық оқушы Әлихан Гатаулин жер сілкінісін бір тәулік бұрын болжауды мақсат етіп отыр. Ол жасанды интеллект негізінде зілзаланың алдын ала белгілерін анықтайтын жүйе әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24.kz" дерегіне сүйенсек, әр апта сайын Әлихан Гатаулин Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына келеді. 11-сынып оқушысы белгілі ғалым Галина Хачикянның кабинетінде зерттеу жүргізеді. Ізденеді. Білімін тереңдетеді. Жас зерттеушінің бұл салаға бет бұруына 2024 жылдың қаңтарындағы Алматыдағы жер сілкінісі себеп болған. Сол кезден бастап ол адамзат неге әлі күнге дейін зілзаланы алдын ала болжай алмайды деген сұраққа жауап іздей бастаған.

Ғылымға деген ерекше қызығушылығының нәтижесінде Әлихан Гатаулин NASA ұйымдастырған байқаудың финалисі атанды. Кейін жас зерттеушіні deep-tech компаниясына жұмысқа шақырды. Онда ол жеке ғылыми бағытты басқара бастады. Қазір халықаралық деңгейдегі мамандар тобымен жұмыс істеп жатыр. Ересек инженерлермен бірдей жалақы алады. Әлихан спутниктік деректерді, геомагниттік ауытқулар индексін және сейсмикалық белсенділікті талдай отырып, Күндегі жарқыл жер сілкінісін шамамен бір тәулік бұрын ескерте ала ма деген сұраққа жауап іздеп жүр.

Әлихан үшін сейсмологиялық бақылау орталығының мұрағаты мен кітапханасы әрдайым ашық. Айтуынша, жасанды интеллект пен деректерге негізделген жер сілкінісін ерте ескерту жобасының алғашқы нәтижесі алдағы бес жылда пайда болуы мүмкін.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Астана үстінде жойғыш ұшақтардың ұшатынын ескерткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!