Майами маңында ірі орман өрті таралып жатыр

14:51, 11 мамыр 2026

© Сурет: pexels

2026 жылғы 11 мамырда Майами қаласына жақын орналасқан Майами-Дейд және Бровард округтерінде ірі орман өрті шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт қала маңындағы аумақтарды қамтып, жалынның таралу қаупі күшейген. Тілсіз жаумен күреске 12 өрт сөндіру және құтқару бригадасы жұмылдырылды.

NBC мәліметінше, мамандар қазір өрттің одан әрі жайылуын тоқтатуға және негізгі ошақтарды оқшаулауға күш салып жатыр.

Әзірге зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат түспеген.

Билік өкілдері тұрғындарға өрт белсенді таралып жатқан аймақтарға бармауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес берді.

Бұған дейін АҚШ-тың Теннесси штатындағы Генри округінде орналасқан Sigma Renew 360 пластик өңдеу зауытында да ірі өрт болғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!