Синоптиктер Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

09:08, 11 мамыр 2026

© Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК еліміздегі қалалардың ауа сапасына қатысты 2026 жылғы 11 мамырға арналған өз болжамдарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 11 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін 11 мамырда қай өңірлерлерге дауылды ескерту жасалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!