Мемлекет басшысы ауыл мектебінен шыққан олимпиада жүлдегерлері 10 есе артқанын айтты
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстандағы білім беру саласындағы жетістіктерге тоқталып, ауыл мектептерінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегерлерінің саны соңғы жылдары 10 есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Президенттің айтуынша, білім беру жүйесін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, нақты нәтижелер бар.
"Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек, бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным", – деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, өткен жылы қазақстандық оқушылар 30-дан астам беделді халықаралық олимпиада мен ғылыми жобаға қатысып, мыңнан астам медаль иеленген.
Сонымен қатар ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім нәтижесі де жақсарып келеді.
"Ауыл мектебінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегерінің саны 10 есе ұлғайды. Осылайша, қала мен ауыл мектебіндегі білім сапасының алшақтығы айтарлықтай азайып келеді", – деді Президент.
Алайда Мемлекет басшысы қол жеткізілген нәтижелерге тоқмейілсуге әлі ерте екенін атап өтті. Оның сөзінше, білім беру саласында шешімін таппаған мәселелер әлі де бар.
"Алдымызда көп жұмыс бар, оны тиімді атқаруымыз қажет. Білім беру саласында әлі күнге дейін шешімін таппай отырған біраз түйткіл бар", – деді ол.
Президент осыған байланысты бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталу қажет екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:42, 26 тамыз 2026
«Ақша көзімді байлады»: Қызылордада есірткі саудасы үшін сотталған әйел өкінішін айтты
-
15:39, 26 тамыз 2026
Бес жұп егіз көрші тұрады: Шымкентте ерекше көше анықталды
-
15:34, 26 тамыз 2026
Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және «күзгі жылымықты» күтуге бола ма
-
15:30, 26 тамыз 2026
Мектептерде алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарламамен оқытылады
-
15:27, 26 тамыз 2026
Тоқаев Астана, Алматы және облыс орталықтарында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашуды ұсынды





