Мектепте ақша жинау фактісі орын алған жағдайда қайда хабарласу керек

© Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының екі мыңнан астам басшыларының, аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кеңесті білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері өткізді.
"Білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңы шеңберінде педагогтердің кәсіби қызметіне байланысты бұзушылықтарға ерекше назар аударылды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, педагогтерді кәсіби қызметіне сәйкес келмейтін жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге тыйым салынады. Осы нормаларды бұзу қолданыстағы заңнама шеңберінде жауаптылыққа алып келеді.
"Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ете отырып, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетуі тиіс. Осы қағидаттарды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз және педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз", - деді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.
Ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған кезде аумақтық департаменттерге немесе ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 нөмірі бойынша дереу хабарлау ұсынылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:04, 19 сәуір 2025
Найзағай, жауын-шашын, екпіні күшті жел: синоптиктер қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:30, 19 сәуір 2025
Астана маңындағы жол апаты: бір бала санитарлық авиация арқылы Павлодарға жеткізіледі
-
17:04, 19 сәуір 2025
Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды
-
16:39, 19 сәуір 2025
Жезқазғанда айыппұлды заңсыз салған: 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды
-
16:06, 19 сәуір 2025
«Жылама, анаңды табымыз». Көкшетауда полицейлер жоғалған баланы ата-анасына аман-есен табыстады