Мейрамбек Беспаев 47 жасында үшінші мәрте әке атанды

14:36, 23 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/m_besbaev

"МузАрт" тобының негізін қалаушы және солисті Мейрамбек Беспаевтың отбасында дүбірлі той. Бүгін, 2024 жылдың 23 қыркүйегінде әншінің үшінші рет әке атанғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақжолтай хабармен танымал әнші Сәкен Майғазиев сүйінші сұрап, бөлісті.

Ол жазбада Мейрамбек пен Мархабаттың тағы бір мәрте ата-ана атанғанын нақтылады.

Бұл туралы жас ананың өзі де мәлімдеді.

Мейрамбек Беспаев 47 жасында үшінші мәрте әке атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 14:36

Сурет: Instagram/stories/marhabat.besbaeva

Ол оқырмандарына жұлдызды отбасында кім дүниеге келгенін табуды ұсынды: ұл немесе қыз.

Бұған дейін танымал әншінің жұбайы араға тоғыз жыл салып, құрсақ көтергенін айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!